$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Енді электр желілерін дрон, жылу құбырларын робот тексереді

28.10.2025ж. 11:41
Енді электр желілерін дрон, жылу құбырларын робот тексереді
Фото: istockphoto.com

Энергетика саласына жасанды интеллект технологиялары енгізіледі, деп хабарлайды Astana TV.

 

Энергетика министрлігі осы салада ЖИ технологияларын енгізу мәселесін пысықтап жатыр. Отын-энергетика кешенінде жасанды интеллект енгізу жөніндегі акселерациялық топ құрылған. Оның құрамына саланың жетекші компанияларының өкілдері кіреді.

«Параллельді түрде салада жасанды интеллект шешімдері бар жаһандық вендорлар мен ІТ-компаниялардан құралған AI-альянс құрылды. Отандық ІТ әзірлеушілерді қолдау мақсатында Энергетика министрлігі мен Astana Hub резиденттері арасында салаға жасанды интеллект шешімдерін бірлесіп апробациялау және енгізу жөніндегі меморандумдарға қол қойылды», - деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында.

Энергетика министрлігі ЖИ технологияларын жүйелі түрде енгізу жұмысын жалғастырады.