$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада полиция бекетінің терезесін сындырған азамат ұсталды

28.10.2025ж. 13:38
Астанада полиция бекетінің терезесін сындырған азамат ұсталды
Фото: Polisia.kz

Астана қаласында қоғамдық тәртіпті бұзу және бөтеннің мүлкіне зиян келтіру фактісі анықталды, деп хабарлайды Astana TV.

Елордада полицейлер Абылай хан көшесіндегі тұрғын үйдің маңында орналасқан полиция бекетінің терезе әйнегін сындырған 51 жастағы азаматты ұстады.

Тексеру барысында азаматтың терезені әдейі сындырғаны белгілі болды. Ол қамауға алынды.

Аталған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, іс материалдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Айта кетсек, жыл басынан бері елордада вандализм фактісі бойынша 230-ға жуық құқық бұзушылық анықталған.

Полиция тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады. Әрбір азаматтың жауапкершілігі – ортақ қауіпсіздіктің кепілі.