Қазақ–фин қатынасы жаңа экономикалық кезеңге қадам басты. Финляндия Қазақстанды Орталық Азиядағы сенімді серіктес деп санайды. Соңғы жылдары екі ел арасындағы байланыс саяси диалогтан экономикалық әріптестікке ұласып, фин инвестициясы екі есе артты. Қазақстанда «Nokia», «Orion Pharma» секілді 70-тен астам фин компаниясы жұмыс істейді. Сарапшылардың айтуынша, ынтымақтастықтың басты бағыты – жасыл экономика, цифрландыру және көлік-логистика.
ДІНМҰХАММЕД ҒАЛИ, ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Финляндия елінде озық тәжірибелі басқару жүйесі. Ол біріншіден ашықтық және сенімділік мәлелелеріне негізделген. Содан кейін Финляндия елі сыбайластық пен жемқорлыққа қарсы күресуден ең жоғарғы мемелекеттердің бірі болып табылады. Сонымен бірге білім саласында да.