$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда «AMANAT» фракциясының мүшелері құрылысы уақытында бітпей тұрған автокөлік жолдарына мониторинг жүргізді

Атырауда «AMANAT» фракциясының мүшелері құрылысы уақытында бітпей тұрған автокөлік жолдарына мониторинг жүргізді

Атырауда 10 шақырым  автокөлік жолының жөндеу жұмысы 8 жылдан бері бітпей тұр. 30 мыңнан астам халық күн сайын кептеліске толы қауіпті айналма жолмен жүруге мәжбүр. «AMANAT»  фракциясының мүшелері құрылысы уақытында бітпей тұрған   жолдарға мониторинг жүргізді.

Атырау қаласы мен Талғайрат ауылы арасындағы 10 шақырым жолды қайта жаңғырту жұмысы 2017 жылы басталған.  Құны – 4,8 млрд теңге. Біткені  жартысына да жетпейді. Биыл көктемде 1,7 шақырым жолды жауып, қырып тастаған. Қазір құрылыс тоқтап тұр.

ЗАЙНИ МҰСТАЖАПОВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ:

Жарықтандыру қарастырмылмаған, айналма жол қарастырылмаған.  Инженерлік коммуникациларды алу қарастырылмаған.  Бағаның өсуіне байланысты түзетуге   осыдан екі жыл бұрын бастағлан. 2023 жылы содан бері әлі өзгерту енгізіп жатыр.

Дәлірек айтқанда, жобалаушы компания өзі жасаған жобаға өзгеріс енгізіп, енді  мемлекеттік сараптамадан  өткізе алмай жүрген көрінеді. Ал қалалық жол бөлімі құжат дайын болмаса да жұмысты бастаңдар деп пәрмен берген.

ЮРИЙ ЛИ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мәселе жобалаушы институтта. Әу баста қателікпен жасалған. Қайтадан ақша төлеп, түзетуге берген. Жоба дайын болмаған соң құрылыс жүрмейді. Комиссия құрдық. Мен барлық тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолдадым. Бұл 10 шақты ауылға апаратын өте маңызды жалғыз орталық жол.

Бұдан соң Құттығай батыр көшесі мен  Еркінқала ықшамауданындағы автожолдарды жөндеу жұмыстарының кешігу себебіне  партиялық бақылау жүргізді.