$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Екібастұзда жаттықтырушы 5 жастағы қыз баланы қинап, ұрып-соққан

28.10.2025ж. 19:00
Екібастұзда жаттықтырушы 5 жастағы қыз баланы қинап, ұрып-соққан

Екібастұзда жаттықтырушы 5 жастағы қыз баланы қинап, ұрып -соққан. Ол баланың үстіне отырып алып, қозғалтпай қойған көрінеді. Қашуға тырысып, бұлқынған бүлдіршінді басынан ұрған. Жаттықтырушы бұл әрекетін жарты сағат бойы қайталаған. Оның ерсі қылығы  ерекше балаларды емдейтін орталықтың бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Салдарынан баланың қолы сынған. Қазір осы іс бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Егер жаттықтырушының кінәсі расталса, 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды немесе 2  жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

НҰРСҰЛТАН ЖАБАЕВ, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ТЕРГЕУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Инструктор кәмелетке толмаған баланы емдеу бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамаған. Полиция қызметкерлері сыртқы бақылау камераларындағы жазбалаларды тәркілеп, оларды зерделеуде. Нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын объективті тергеп, тексеруге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.