$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп тағы бір соғысты тоқтатты

Трамп тағы бір соғысты тоқтатты

Трамп тағы бір соғысты тоқтатты. Жазда басталған Таиланд пен Камбоджа шекарасындағы қарулы қақтығыс енді тоқтайды. АҚШ Президенті Азия елдеріне турнесі жүріп жатқанын, Жапонияны қайтадан ұлы етіп, Қытаймен толыққанды келісім жасайтынын жеткізді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Әуежайда ұшақтан түсе сала, Трамп жергілікті жастармен билей жөнелді. Артынша, Таиланд пен Каибоджа арасындағы шекаралық қақтығысты бейбіт келісіммен тоқтатты. Малаизия басшысы, АҚШ Президентінің бітімгерлік қабілеттерін өз көзімен көріп, тәнті болғанын жасыра алмады.

АНВАР ИБРАГИМ, МАЛАЙЗИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Әлемге бейбітшілік үшін күресетін сіз секілді өз ұстанымына берік басшылар керек. Ол үшін кейбір ережелерге бағынбауға да болады. Бастысы, аумақтағы тыныштықты сақтауға бірер күнде ешкім жылдап жасай алмайтын жұмысты атқарып кеттіңіз.

АСЕАН саммитіне қатысқан Трамп, артынша Жапонияға аттанды. Күншығыс елінің экономикалық әлеуетін қайтаруға еңбек етемін, - дейді Ақ үй басшысы. Жапония тарихындағы тұңғыш әйел мемлекет басшысы – Санае Такаичимен екіжақты байланыстарды одан сайын нығайту туралы келісімге қол қойды.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Екі елдің одағы 20 ғасырда әлемдегі экономикалық тенденциялардың басында болды. Мен қашан да Жапония үшін аянбай еңбек етемін, - деп нық сеніммен айта аламын. Мен тұрғанда тұрақты даму жолына аяқ басасыздар.

Трамп Жапониядан шыға сала оңтүстік Корея және Қытайға барады. Журналистерге сұхбатында Ким Чен Ынды да мақтап, онымен кездесуге әзір екендігін мәлімдеді. Ең бастысы, Қытаймен сауда келісімін толық орнатып, екі алпауыт арасындағы келіспеушілікті толығымен шешпек.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен Төраға Си Цзиньпинді қатты құрметтеймін. Екеуміз негізі жақсы тіл табыса аламыз. Тик-Ток проблемасын да бірлесе шешкенімізді білесіздер. Енді сауда-саттық бойынша келісім жасаймыз.

Трамптың бітімгерлік қасиеттері Латын Америкасына қатысты емес екендігіне көпшіліктің көзі жетті. Венесуэлалаға қысым жасау үшін ірі әскери кеме жіберді. Ол әзірге Тринидад және Тобаго жағалауында тұр. Алайда, жергілікті жұрт наразылығын білдіріп, АҚШ елшілігінде митинг ұйымдастырды.