Алатау баурайында Республика күні жоғары деңгейде атап өтілді. «Медеу» мұз айдынында Мемлекеттік ту көтерілді. Маңызды шарада қала басшылығы, мәслихат депуттары, қоғам белсенділері мен мегаполис тұрғындары бой көрсетіп, ұлттық мерекені ұлықтады.
Көк байрақты көкке көтеру рәсімі әскери оркестрдың сүйемедеуімен басталды. Мемлекеттік гимн шырқалып, биіктігі 40 метрды құрайтын тұғырға ту ілінді. Оның ені мен ұзындығы – 7-де 14 метр.
ДАНИЯР ӘЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Бұл қастерлі күн, қасиетті күн. Тәуелсіздіктің алғашқы ұшқыны осы күні қабылданып, 1990 жылы 25 қазан күні осы күні қабылданған болып есептелген. 3 жыл бұрын мемлекет басшысының шешіміне сәйкес ұлттық мереке боп жарияланған болатын.
Егемендік туралы декларацияға дәл осы Алматы қаласында қол қойылып, мөр басылғандықтан, атаулы ұлттық мереке мегаполисте ерекше тойланады. Тарихи күннің құндылығы жастар арасында жылдан-жылға артып келе жатқандығын алаңға жиналған белсенділердің көптігінен байқауға болады.
ӘКІМ ТҰРСЫН, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:
Барлық аймақта тап осы күні ресми түрде жергілікті атқарушы билікпен жергілікті әкімдік пен қала әкімдерімен ту көтеру рәсімі өтті. Бүгін Алматы қаласында бұл шара өтіп жатыр. + Артынан жастарға арнап жүйелі түрде концерт өтіп жатыр.
Салтанатты рәсім аяқталған соң, мереке эстрада жұлдыздарының ән-шашуымен жалғасты. Айта кетейік, Алматыда бұдан бөлек, бірнеше концерт, патриоттық акция, ауылшаруашылық жәрмеңкелері мен қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті.