$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жетісу облысының дамуына үлес қосқан 35 азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

28.10.2025ж. 19:00
Жетісу облысының дамуына үлес қосқан 35 азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Ұлттық мереке қарсаңында Жетісу облысының дамуына үлес қосқан 35 азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. «Құрмет», «Парасат» және 3-дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері мен «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары табысталды.

Салтанатты іс-шараның шымылдығы Жетісу облысы, Талдықорған төрінде түрілді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы,  жол құрылысы қызметкерлері мен кәсіпкерлердің қанша жылдық еңбегі бағаланып, мемлекеттік маңызы бар төсбелгілерін жүрек тұсына тағып қайтты. Бұдан бөлек, мұғалімдер, дәрігерлер,  мен мемлекеттік қызметшілер де жүлдесіз қалмады. Марапат иелері: «Мұндай медальді алу – қанша жылдық еңбегіміздің тәтті жемісі», - дейді.

ГҮЛЗИФА РАХИМХАНОВА, К. БАЙСЕЙІТОВА АТЫНДАҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫСЫ:

Бәріміз жақсы көреміз осындай еңбегімізді елеп, ескеріп, президентіміз әдемі осындай күнде Республика күнінде бізге әдемі марапат бергеніне ризамыз. Бүгін міне «Шапағат» медалін алып отырмын.

Бүгінде Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті едәуір артып келеді. Облыс әкімі Бейбіт Исаев: «Республикадағы үздіктер қатарынан көрінуімізге үлес қосқан әрбір азаматтың еңбегі бағаланып, марапатталуы тиіс», - деп, соңғы үш жылдағы облыс жетістіктерін тізіп тұрып атап өтті.

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Тәуелсіздіктің игілігін біз Жетісу облысының күнделікті тыныс-тіршілігінен анық байқап отырмыз. Биыл облысымыздың құрылғанына үш жыл толды. 3 жыл ішінде өңірге 1, 2 триллион инвестиция тартылды. 135 жоба іске қосылып, 3,8 мың жұмыс орны құрылды.

Мереке қарасаңында Жетісу облысында да көк байрақ желбіреді. Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағына мыңнан аса адам жиналып, бір мезетте Мемлекеттік гимнді шырқады. Айта кетейік, ұзындығы – 25, ені 12-де 5 метр болатын көк ту биіктігі 92 метр тұғырға тігілді.

ЕРМЕК КЕЛЕМСЕЙІТ, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін өте үлкен бір жақсы іс-шара өтіп жатыр. Жастар көп, балалар көп. Түсіндіріп айтып жатырмыз кездескен жерде жастарға. Бұл Республика күнінің мәнін. 2022 жылдан бері осы мерекені қайтадан мерекелеп жатқанымыз бұл өте орынды.

Ту көтеру рәсімі жергілікті өнерпаздардың патриоттық музыкалық тартуымен жалғасын тапты.