$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қостанайда «Таңшолпан» жобасының екінші кезеңі өтті

28.10.2025ж. 19:00
Қостанайда «Таңшолпан» жобасының екінші кезеңі өтті

Қостанайда «Таңшолпан» жобасының екінші кезеңі өтті. Игі бастаманы  «AMANAT» партиясы облыстық филиалы Әйелдер қанаты мен Партияның Саяси менеджмент академиясы бірлесіп жүзеге асырып отыр.

Оқыту бағдарламасына облыстың жан-жағынан келген 100-ге жуық әйел қатысты. Секция бойынша дәріс оқылып, отбасы және гендерлік саясат, коммуникация мен көшбасшы дағдылары тақырыбында  тренинг ұйымдастырылды.  Өңірдегі 31 ауылдық округті әйел әкім басқарып отыр,  барлығы- партия мүшесі. Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада да қажырлы еңбек етіп жүрген нәзік жан көп. Келелі кездесу барысында белсенді арулар мен ханымдарға төсбелгі мен Құрмет грамотасы табысталды.

ГАУХАР ЖАНДІЛДИНА, АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазіргі таңда әкімдердің өкілеттігі, жұмыс деңгейлері. Ауылдық елдімекендерді  абаттандыру жұмыстары жаңағы қандай тақырыпта болсын саяси бағытта әйелдерді осы бағытта дайндайды. «Таңшолпан» жобасы бойынша.Үнемі сабақ өтеді кесте бойынша. Әр ауданнан әйелдер келеді.Соған қатысып өздерінің ойларында жүрген өзекті мәселелер жауабын осы жерден тауып отырады.