Атырауда “Таза Қазақстан” жалпыхалықтық экологиялық акциясы аясында «Экомәдениет - жарқын болашақтың кепілі» атты экокездесу өтті.Волонтерлер «жасыл» өмірді насихаттау бағытындағы жоспарларымен бөлісті. Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары арасында оттегі дәлізін ұйымдастырып, гүл өсіріп, баптауды қолға алған. Бүгінгі кездесуде пластикалық бөтелке қақпақтарынан түрлі туындылар жасады. Олар болашақта арт көрмеге қойылады.
АЛМАТ ТАҒЫБЕРГЕНОВ, «ЖАҢА ЖАСТАР» ВОЛОНТЕРЛЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
Жалпы қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу мақсатында және жастардың қаладағы табиғатқа бос қарамай экологиялық мәдениетті артып, сүйіспеншілікпен қарауына жұмыс атқаруда.