Қызылжар өңірінде “Таза Қазақстан” акциясы аясында биыл 200 мыңға жуық ағаш егілді. Жас қарағай мен аққайыңдар көше бойы және саябақтарға егілді. Басты мақсат - елдімекендерді көгалдандыру, дейді сала мамандары. Игі жобаға 50 мыңнан астам адам атсалысқан. Жалпы еліміз бойынша "Таза Қазақстан" акциясы аясында 4 миллионнан астам ағаш егілген.