$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жасөспірім қызды жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті

28.10.2025ж. 16:46
Жасөспірім қызды жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кетті
Фото: pixabay.com

Ақтөбеде жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірім қызды қағып кеткен, деп хабарлайды Astana TV.

Соққыдан кейін көлік қозғалысын тоқтатпай, тағы үш автокөлікпен соқтығысқан.

Зардап шеккен қыз бен жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша тергеу басталды.