$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында басқарма басшысы 191 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамалды

28.10.2025ж. 17:12
Түркістан облысында басқарма басшысы 191 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамалды
Фото: pixabay.com

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысының бірқатар жергілікті атқарушы органдары басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеулер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Astana TV.

Айта кетейік, ресми мәліметте қолға түскен шенеуніктердің аты-жөні жарияланбаған.

«Атап айтқанда, қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін бөлінген 191 млн теңге бюджет қаражатын бағыныштысымен сөз байласып ұрлаған Қоғамдық даму басқармасының басшысы бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр», - деп хабарлады ҰҚК.

Сондай-ақ, Ветеринариялық қызмет басқармасының басшысы оң қорытынды алу үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара берген. Бұл фактіні де Антикор тексеріп жатыр.

«Соттың санкциясымен осы тұлғалар қамалды», - деп хабарлайды ҰҚК.