$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қытай киберқауіпсіздік туралы заңын жаңартты

28.10.2025ж. 18:08
Қытай киберқауіпсіздік туралы заңын жаңартты
Фото: pixabay.com

Қытай киберқауіпсіздік туралы заңында ЖИ саласын реттейтін заңнамалық базаны нығайтуға бағытталған түзетулерді мақұлдады. Шешім сейсенбі күні Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 18-ші отырысында қабылданды, деп хабарлайды Astana TV Синхуа сілтеме жасап. 

Жаңартылған заң жасанды интеллект технологияларының қауіпсіз және тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға бағытталған. Құжатта жасанды интеллект саласындағы іргелі зерттеулерді қолдау, алгоритмдерді қоса алғанда, негізгі технологияларды әзірлеу және заманауи инфрақұрылымды, дерекқорлар мен есептеу жүйесін құру көзделген.

Этика мен қауіпсіздікке ерекше назар аударылады. Заң жасанды интеллектті жауапкершілікпен пайдалану стандарттарын жетілдіру, тәуекелдерді бақылау және бағалау, сондай-ақ қауіпсіздікті қадағалауды күшейту талаптарын белгілейді.

Реформаның тағы бір маңызды бағыты киберқауіпсіздік саласындағы заңды жауапкершілікті күшейту және ережелерді басқа да қолданыстағы Қытай заңдарымен үйлестіру болады. Түзетулер 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.