$541.34 €640.73 ₽6.53
×

63 жастағы донордың ағзасы алты науқасқа салынды

28.10.2025ж. 20:17
63 жастағы донордың ағзасы алты науқасқа салынды
Фото: ДСМ

Алматыда 63 жастағы марқұмның ағзалары бірден алты адамға трансплантацияланды, деп хабарлайды Astana TV.

1962 жылы туған донордың туыстары жүрек, бауыр, екі бүйрек және көздің қасаң қабықтарын трансплантациялауға келісім берген. Нәтижесінде алты науқасқа өмір сүруге жаңа мүмкіндік берілді.

Ең жас реципиент — 1996 жылы туған, ал ең егдесі — 1956 жылғы азамат. Бүйрек салынған науқастардың бірі бұл операцияны 2017 жылдан бері күтіп келгені белгілі болды.

«Донордың жасына қарамастан, дәрігерлер оның ағзаларының жақсы жағдайда болғанын және толыққанды жұмыс істеу мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Бұл – адамның жас шамасы өмірді құтқаруға кедергі еместігін дәлелдейді», – делінген министрлік хабарламасында.