$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда Америкадан есірткі әкелетін арна жойылды

28.10.2025ж. 21:35
Алматыда Америкадан есірткі әкелетін арна жойылды
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласының арнайы прокурорлары есірткі заттарының аса ірі көлемдегі контрабанда фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Astana TV.

Тергеу барысында жазасын пенитенциарлық мекемеде өтеп жатқан сотталған адам Америка Құрама Штаттарынан Алматыға есірткі құралы - марихуана мен каннабис сығындысы салынған сәлемдемелерді жеткізу арнасын ұйымдастырғаны анықталды.

Қылмыстық әрекетке ұйымдастырушылар, кураторлар, қамқоршылар, дропперлер, жасырын белгілеушілер және өлшеп ораушылар тартылған.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде «Жетісу» кеден бекетінде салмағы 43 кг құрайтын марихуана мен каннабис сығындысы салынған25 сәлемдеме тәркіленді. Олар іс бойынша заттай дәлелдемелер деп танылды.

Тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының кешені, сондай-ақ сот сараптамаларының нәтижелері, айыпталушылардың құқыққа қарсы қызметін растады.

20 күдікті, оның ішінде ұлттық қауіпсіздік органының 2 қызметкері және қылмыстық топтың қызметіне қамқорлық көрсеткен ҚР ІІМ ҚАЖК-нің 3 қызметкері ұсталды.

Іс бойынша айыпталушыларға есірткі заттарын контрабандалағаны және сатқаны, сондай-ақ лауазымдық қылмыстары үшін жауаптылықты көздейтін баптар бойынша айып тағылды.

Заңсыз қызметтен алынған табысты күдіктілер жылжымайтын мүлікті, жер учаскелерін және автокөлік құралдарын сатып алу жолымен заңдастырған. Соттың санкциясымен 5 пәтерге, 3 құрылысқа, 10 жер учаскесіне және 44 автокөлік құралына тыйым салынды.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.