$541.34 €640.73 ₽6.53
×

191 млн теңге мен 16 млн теңге пара: Түркістанда екі басқарма басшысына қатысты іс қозғалды

29.10.2025ж. 08:26
191 млн теңге мен 16 млн теңге пара: Түркістанда екі басқарма басшысына қатысты іс қозғалды
Фото: Константин Шелков

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Түркістан облысындағы бірқатар жергілікті атқарушы орган басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Атап айтқанда, Қоғамдық даму басқармасының басшысы бағынышты қызметкерімен келісіп, қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге бөлінген 191 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Сондай-ақ, Ветеринариялық қызмет басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды беру үшін комиссия өкілдеріне 16 миллион теңге көлемінде пара бергені анықталды.

Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

 

@qazaqstantv