$541.34 €640.73 ₽6.53
×

АҚШ-та заңсыз жүрген 500 мыңнан астам мигрант депортацияланды

29.10.2025ж. 21:00
АҚШ-та заңсыз жүрген 500 мыңнан астам мигрант депортацияланды
Фото: Belta

Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі басталғаннан бері 500 мыңнан астам заңсыз мигрант АҚШ-тан депортацияланды, деп жазды Belta  РИА Новости.-ге сілтеме жасап.

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігінің мәліметінше, тағы 1,6 миллион адам елден өз еркімен кеткен. 

- АҚШ-тан екі миллионнан астам құжатсыз мигрант кетті, оның ішінде 1,6 миллионы өз еркімен шыққан. Ал 527 мыңнан астамы депортацияланған, - делінген министрлік ақпаратында.

Министрлік жақын арада депортация бойынша жаңа рекордтар орнатады. Трамптың қазіргі президенттік мерзімінің бірінші жылының соңына қарай шамамен 600 мың адам елден шығарылуы мүмкін.

Министрлік мәліметінше, АҚШ елден өз бетімен кетуді жоспарлағандарға 1000 доллар төлем және тегін рейс ұсынады.

Инаугурация күні Трамп АҚШ-тың 47-ші президенті ретіндегі алғашқы сөзінде заңсыз мигранттардың Америка территориясына кіруін дереу тоқтатып, миллиондаған шетелдікті экстрадициялау процесін бастауға уәде берді. Ол сондай-ақ АҚШ-тың Оңтүстік шекарасындағы жағдайға байланысты ұлттық төтенше жағдай режимін енгізді.