$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда жыл сайын туа біткен жүрек кемістігі бар балаларға 200-ден астам операция жасалады

29.10.2025ж. 13:24
Алматыда жыл сайын туа біткен жүрек кемістігі бар балаларға 200-ден астам операция жасалады
фото: gov.kz

Жыл сайын Қазақстанда туа біткен жүрек кемістігі бар 3000-ға жуық бала, оның ішінде 350-400-і Алматыда туады,-деп хабарлайды Astana TV.

мұндай деректер «Балалар кардиохирургиясы мен кардиологиясының биіктерін бағындыру-медицинадағы күрделі жол» атты қазақстандық балалар жүрегін емдеу жөніндегі мамандардың жыл сайынғы III конференциясында айтылды

 Іс-шара Қазақстаннан жетекші балалар кардиохирургтарын, кардиологтарды, неонатологтарды және аралас бағыттағы мамандарды, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден сарапшыларды біріктіреді.

Алматыда кардиохирургтар жыл сайын балалардың жүрегіне 200-ден астам операция, оның ішінде 1 677-сі бір жасқа дейінгі, 100-і өмірдің алғашқы күндеріндегі сәбилерге жасалады. 2011 жылдан бастап 2024 жылға дейін Алматыда балалардың жүрегіне 2 800-ден астам операция жасалды.

 Бүгінгі таңда қаланың балалар кардиохирургиясында Aristotle шкаласы бойынша 15 балға дейінгі күрделі араласулар орындалады, бұл әлемдік деңгейге сәйкес келеді.

Алматы балалар кардиохирургиясының заманауи моделі пәнаралық тәсілге, ерте диагностикаға және жаңа туған нәрестелерде қысқа мерзімде операция жасауға дайын болуға негізделген.

Алматының Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы пренаталдық диагностика мен хирургиялық емдеуден бастап баланы оңалту мен бақылауға дейінгі көмектің толық циклы қамтамасыз етілген бірегей клиника болып қала береді. Дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында ауыр жүрек кемістіктері бар сәбилер мұнда толыққанды өмір сүруге мүмкіндік алады.

Қатысушыларға Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов және «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс кардиохирургы Юрий Пя құттықтау сөз сөйледі.

III Конференция Қазақстан балаларының өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған тәжірибе мен білімді біріктіру үшін маңызды кәсіби алаңға айналды.