$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылорда облысында қайраңда қалған балықтар құтқарылып жатыр

29.10.2025ж. 20:05
Қызылорда облысында қайраңда қалған балықтар құтқарылып жатыр

Қызылорда облысында қайраңда қалған балықтар құтқарылып жатыр. Бұл жұмыс жыл сайын күз айларында жүргізіледі. Жаз мезгілінде Сырдария суы егіс алқабына жіберіледі, сол кезде миллиондаған шабақ атыздарға түседі. Жаз бойы егістікте өсіп жетіледі. Ал күзде қырылу қаупі төнеді.

Балық шаруашылығының инспекторлары мен еріктілерден құралған топ сол балықтарды құтқарып жатыр. Егін піскеннен кейін күріш атызындағы су қашыртқы арқылы өзенге қайта құйылады. Осы кезде миллиондаған шабақ ну қамыс пен су арналарының ішінде қалып қояды. Биыл құтқарылған балық бір бөлігі Иіркөлге  жіберілді.

Былтыр өңірде 8 млн су маржаны күріш алқаптарынан сүзілген. Құтқарылған шабақ мынадай тауарлы балық өсіретін көлдерге жіберіледі. Бұл шаралар өңірде балық шаруашылығының дамуына оң ықпалын тигізеді дейді мамандар.

Бұл іс-шара Қызылорда облысы мен аудан әкімдіктері, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы, «Қазсушар» шаруашылық жүргізу кәсіпорындарының, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының бақылауымен жүргізіледі. Оған қоса табиғат пайдаланушылар, жанашырлар, ерікті азаматтар шараға қатысып келеді. Соңғы 3 айда өңірде 10 милиионнан астам шабақ құтқарылған. Мамандар бұл шаралар қараша айының ортасына дейін жалғасады, дейді.