$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мархабат Жайымбетов: Шаруаларға субсидияны уақытылы бермеу – созылмалы дертке айналды

29.10.2025ж. 11:30
Мархабат Жайымбетов: Шаруаларға субсидияны уақытылы бермеу – созылмалы дертке айналды

«AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетовтің Премьер-Министр Олжас Бектеновке шаруаларға субсидия беру жөнінде  депутаттық сауал жолдады,- деп хабарлайды Astana TV.

Депутаттың айтуынша, AMANAT партиясы депутаттарының атына фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден 2023 жылдан бері жиналып қалған субсидиялар
мен пайыздық мөлшерлемелерді өтеу бойынша берешекке қатысты көптеген өтініштер түсіп жатыр.

Фермерлер мемлекеттік бағдарламалардың барлық шарттарын орындаған. Яғни, егін екті, өнімін жинады, несиелерін жапты. Бірақ енді мемлекет өз міндеттемелерін қашан орындайды деп күтіп отырған көрінеді.

“Бүгінде фермелерге қаржыны уақытылы бермеу - созылмалы дертке айналды. Мысалы,2025 жылы көзделген 87,8 млрд теңгенің тек 11,6 млрд теңгесі ғана нақты төленген.Үкімет резервінен 80 млрд теңге бөлінгенімен, оның небәрі 36,3 млрд теңгесі игерілген. 2023 жылдан бастап субсидиялауға арналған шығындаржергілікті бюджеттерге берілді. Алайда олардың көбі дотациялық, сондықтан төлемдерді қамтамасыз ете алмай отыр. Нәтижесінде жаңа өтінімдер қаржыландырылмайды, ал ағымдағы жылдың қаражаты өткен жылдардың қарыздарын жабуға жұмсалуда. Мәжілісте бюджет отырысында мұндай мәселе басқа салаларда бар екенін көрсетті. Шешілмеген мәселені жергілікті бюджетке ысыра салуға болмайды.  Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау мәселесіде өте өткір тұр. Фермерлер 6% деп жарияланған жеңілдетілген несиенің орнына, банктердің 22% және одан жоғары өсімін өтеуге мәжбүр”,-дейді депутат. 

Жайымбетовтің айтуынша, бұл кассалық алшақтықтарға, жалақының кешігуіне және салықтық берешектердің көбеюіне әкеледі. Фермелерге қосымша жүк.

Сонымен қатар мұндай фермер жеке қосалқы шаруашылықтардан(ЖҚШ) шикізат сатып алғанда әділ баға төлей алмайды, бұл тікелей ауыл тұрғындарының табысына әсер етеді. Яғни субсидиялардың кешіктірілуі мемлекет жүргізіп отырған ауыл халқының әл-ауқатын арттыру саясатын беделіне өз әсерін тигізіп отыр.

“Әкімдіктердіңақпратына сәйкес, 2025 жылғы 1 қазанға жалпы берешек көлемі 341 млрд теңгені құраған,
оның 136,5 млрд теңгесі - өткен жылдардың қарызы. Көріп тұрғандарыңыздай мәселе өте күрделі және жауапты органдарды, мерзімдерді және қаржыландыру көздерін нақты айқындай отырып, жедел шешуді талап етеді. Сондықтан, осы айтылғандарды негізге алып, келесі мәселелерді қарастыруды ұсынамыз:Бірінші.Аймақтар бойынша субсидиялар мен өтемақылар берешегін өтеу кестесін анықтап, жариялау; Екінші. 2023–2025 жылдар аралығындағы аймақтар, субсидия түрлері және төлем мерзімдері бойынша Мәжіліске нақты ақпарат ұсыну; Үшінші. Жаңа бюджет бекітілгенге дейін Үкімет резервінде өткен жылдардың қарыздарын толық жабуға арналған қаражат көзделсін. Төртінші.Фермерлерге есеп айырысу барысы
мен төлем мерзімдері туралы ашық әрі нақты ақпарат беру.  Депутаттық сауалға заңда белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймын”,-деді Мархабат Жайымбетов.