$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ресей мен Қазақстан шекарасында ауылшаруашылығы өнімдеріне бақылау күшейтілді

29.10.2025ж. 22:30
Ресей мен Қазақстан шекарасында ауылшаруашылығы өнімдеріне бақылау күшейтілді
Сурет: Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Қарақога» фитосанитариялық бақылау бекетіне барып, оның жұмысымен танысты.

 

Сапар барысында ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік шекара арқылы әкелу, әкету және транзиттеу кезінде фитосанитариялық және ветеринариялық бақылауды ұйымдастыру мен оның жұмыс істеу мәселелері қаралды. Министр бекеттің техникалық жабдықталуына, сондай-ақ мамандардың бақылау функцияларын тиімді орындауы үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етілуіне ерекше назар аударды.

Карантиндік фитосанитариялық талаптарға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың нормаларына сәйкес келмейтін өнімдердің әкелінуі мен транзитіне жол бермеу шаралары жеке талқыланды. Айдарбек Сапаров фитосанитариялық және ветеринариялық қызметтердің өткізу пункттерінде тікелей орналасуы ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен әкелінетін тауарлардың сапасын бақылауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.