$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ТЖМ қызметкерлері көпқабатты үйден тұрғындарды эвакуациялады

29.10.2025ж. 23:45
ТЖМ қызметкерлері көпқабатты үйден тұрғындарды эвакуациялады

Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында үш қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

 Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, барлау және эвакуациялау жұмыстарын бастады. Кіреберіс бөлігінде қатты түтіндену байқалды.

 Өрт сөндірушілер баспалдақ арқылы 10 адамды, оның ішінде 5 баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

 Құтқарушылардың кәсіби және үйлесімді іс-қимылының арқасында өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмей, тілсіз жау қысқа уақытта сөндірілді.