Атырау облысында заңсыз айналымнан 30 мың литр алкоголь мен 10 мың тоннаға жуық мұнай өнімі анықталды,-деп хабарлайды Astana TV.
Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі Айбек Бахтияровтің айтуынша, жыл басынан бері 30 635 л алкоголь, 9 714 т мұнай өнімі, 187 819 қорап темекі тәркіленген.
Барлық акцизделетін тауарлар тауарға ілеспе жүкқұжатпен (ТІЖ) рәсімделуі тиіс. Бұл жүйе тауар қозғалысын бақылауға және көлеңкелі айналымды азайтуға мүмкіндік береді.
«Кей кәсіпкерлер деректерді дұрыс енгізбейді немесе уақытында тіркемейді. Сол үшін түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр», – дейді А.Бахтияров.
Мемлекеттік кірістер органдары заңсыз айналымның алдын алып, кәсіпкерлер үшін ашық әрі ыңғайлы жұмыс жүйесін қалыптастыруға басымдық беріп отыр.