$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Депутат пранкерлерді жөнге салуды ұсынды

29.10.2025ж. 19:00
Депутат пранкерлерді жөнге салуды ұсынды

Депутат блогер сымақтарды жазалауды ұсынды. Әңгіме пранк жасаймын деп қоғамдық тәртіпті бұзатындар жайында. Нартай Сәрсенғалиев қазір адамды қорқытып, қоғамдық орында ақымақтық жасайтындар көбейді дейді. Бірі лифт ішіне жалған мәйіт салып, тұрғындарды әдейі шошытса, енді бірі тұрғындарды тапаншамен қорқытып, үрейін ұшырған. Тізе берсең таусылмайды. Сол үшін халық қалаулылары күлкі мен танымалдық үшін шектен шығатындардың желісін жедел түрде бұғаттауды ұсынып отыр.

НАРТАЙ СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қазір пранк деген парықсыз әрекеттің тағы бір түрі пайда болды. Ол жасанды интеллектімен жасалады. Бірінде мемлекет басшыларының, лауазымды тұлғалардың қандай да бір дүкенге сауда жасауға келгені бейнеленген. Цифрлық технологияны білмейтін адамның санасы сан саққа жүгіреді, сеніп қалады. Маркетинг үшін деп жасанды интеллект арқылы мұндай жасандылыққа жүгінуді тоқтату керек.