$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан Еуразиядағы көлік хабы болуы тиіс

AstanaTV
29.10.2025ж. 19:00
Қазақстан Еуразиядағы көлік хабы болуы тиіс

Мемлекет басшысы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, транзиттік дәліздерді кеңейту және халықаралық байланыстарды күшейту міндетін қойды. Еліміз Азия мен Еуропаны жалғайтын негізгі көпірге айналуы қажет. Осы мақсатта жаңа теміржол желілері салынып, порттар мен шекара бекеттерінің өткізу қабілеті ұлғаяды. Сонымен қатар, жүк тасымалының тиімділігін арттыру, цифрландыру және логистикалық сервистерді дамыту қолға алынбақ. Еліміз алдағы жылдары халықаралық транзиттің басты хабына айналуды көздейді. Осы орайда Ақтөбеде жүк тасымалдарының тиімділігін арттыру, процесті цифрландыру және логистикалық сервистерді дамыту қолға алынбақ. Маманның айтуынша, бұл тек көлік бағыты ғана емес, жаңа экономикалық мүмкіндіктер, жұмыс орындары және өңірлік ықпалдастықтың күшеюі.

ЕСЕТ АМАНБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ақтөбе облысы өңірдің, республикамыздың 6 өңірімен шекаралас және де 2 республикамен шекаралас. Бұл ең бастысы өзіңіз білесіз Ресей федерациясынан бізің «Жайсаң» өткізу бекеті арқылы өтеді және де Шалқар ауданы Өзбекстан республикасынан Қарақалпақсан республикасымен шекаралас болып табылады. Енді былай айтқан кезде ең негізгі көлік дәлізі бізде Самара-Шымкент автомобиль жолы болып саналады.