$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб Ұлттық музейге барды

29.10.2025ж. 16:10
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб Ұлттық музейге барды

Ұлттық музейде Қазақстан мен Финляндия президенттеріне ежелгі заманнан бастап қазіргі дәуірге дейінгі кезеңді қамтитын бірегей тарихи-мәдени құндылықтар таныстырылды.

Мемлекеттер басшылары Көне түркі өркениеті, Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологиялары, Қазақтың дәстүрлі мәдениеті залдарын аралап, аса құнды тарихи жәдігерлерді көрді.