$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды

Алматыда есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды

Алматыда полиция есірткі заттарын заңсыз сақтап, таратты деген күдікпен жас жігітті ұстады. Жеке тінту барысында одан өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған бірнеше түйіншек табылып, тәркіленді. Сонымен қатар аумақты тексеру кезінде полицейлер осындай заттар жасырылған тағы екі жасырын орынды анықтады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жас жігіт мессенджер арқылы тапсырма алып, есірткі таратып, ақысын банк картасына алып отырған.

- Полиция есірткі таратумен айналысқан адамдардың әрекеттерін жүйелі түрде әшкерелеп отырады. Әрбір осындай құқық бұзушылық мұқият құжатталып, қылмыстық тізбектің барлық қатысушысы, соның ішінде ұйымдастырушылары да анықталады. Мұндай адамдарды әшкерелеу және ұстау бағытындағы жұмыс жалғасуда, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.