$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы қаласы әкімінің экс-орынбасарын өлтірген күдікті ұсталды

Алматы қаласы әкімінің экс-орынбасарын өлтірген күдікті ұсталды
primeminister.kz

Алматы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров Астанада өлтіріп кетті. Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді. Күдікті ұсталған, қазір уақытша ұстау изоляторында.

«Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс адамдардың арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 56 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды», - деп мәлімдеді Астана қаласының полиция департаменті.

Ержан Бабақұмаров 2019-2022 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Оған дейін Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР президентінің кеңесшісі болған.