$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада экс-шенеунік Ержан Бабақұмаров қаза тапты

AstanaTV
30.10.2025ж. 19:00
Астанада экс-шенеунік Ержан Бабақұмаров қаза тапты

Астанада бұрынғы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров  кісі қолынан қаза тапты. Ішкі Істер министрлігінің мәліметі бойынша, оның өліміне соққыдан алған жарақаттар себеп болған. Қазір бұл оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ҒҰМАР ШЫНЫБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын-ала анықталғандай бұрыннан таныс адамдардың арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан. 56 жастағы ер адам алған жарақаттары салдарынан көз жұмған. Күдікті ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.