Ақтөбедегі «Бауырластар» ауданында жасөспірім әкесінің көлігін айдап кетіп, жол-көлік оқиғасына ұшырады. Ауыр жарақат алған оқушы ауруханаға түскенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Айта кетейік, дәл осы ауданда бір ай бұрын да осындай қайғылы жағдай болды. 16 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз мініп, апаттан қаза тапқан.
АРДАНА САЙМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Полиция ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларға көлік-құралдарын басқаруға жол бермеуге шақырады. Мұндай немқұрайлық қайғылы жағдайларға әкеледі.