$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Президент тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр?

AstanaTV
30.10.2025ж. 19:00
Президент тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр?

Бүгін Үкіметте Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында ел экономикасына инвестиция тарту мәселесі қаралды. Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте министрліктер мен әкімдіктердің жұмысы сараланды. Жыл басынан бері негізгі капиталға 13,8 трлн теңге инвестиция құйылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға өскен. Өңірлер арасында Астана қаласы, Түркістан облысы жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуде көш бастап тұр. Ал Қарағанды, Атырау, Ұлытау, Абай, тағы басқа да облыстар белгіленген межеден қалып қойған.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына 2029 жылға қарай ел экономикасына 150 миллиард доллар шетелдік инвестиция тарту бойынша нақты міндет қойды. Айта кету керек, биыл біз кемдегенде 25 миллиард доллар шетелдік инвестициялар тартуымыз керек. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жылдық жоспар 40%-ға орындалды.