$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Таза табиғат – таза болашақ": Ақмол ауылында экологиялық акция өтті

AstanaTV
30.10.2025ж. 19:00
"Таза табиғат – таза болашақ": Ақмол ауылында экологиялық акция өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақмола облысының Ақмол ауылында  200 -ге жуық   көшет егілді. Акцияның негізгі мақсаты – ауылды көркейтіп, жасыл аймақтарды көбейту арқылы экологиялық тепе-теңдікті сақтау, сондай-ақ тұрғындар арасында туған жерге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Көгалдандыру шарасына жергілікті тұрғындармен қатар, еріктілер мен жастар ұйымдарының мүшелері белсенді түрде қатысты.

ЖАНАР ХАСЕНОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ЦЕЛИНОГРАД АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

"AMANAT" партиясының бастамасымен біз көшелерді тазалап қана қоймай, ағаш отырғызып болашаққа жасыл мұра қалдырудамыз. Целиноград ауданында ағаш отырғызу игі дәстүрге айналды. Әр отырғызған тал табиғатқа деген құрмет пен елге деген сүйіспеншілік белгісі.

МАХАББАТ ИРЕШОВА, ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазіргі таңда бізде аудан бойынша 200-ге жуық акция өткізілді. 10 000-нан астам ағаш отырғызылды. "Таза Қазақстан" акциясы бізде өте белсенді ұйымдастырылып жатыр.