$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мәжіліс төрағасы Грузияға ресми сапармен барды

Мәжіліс төрағасы Грузияға ресми сапармен барды

Мәжіліс төрағасы Грузияға ресми сапармен барды. Мәжіліс делегациясының Тбилисидегі жұмысы Грузия Парламентінен басталды. Ерлан Қошанов әріптесі Шалва Папуашвилимен кездесуде Қазақстан халықтарымыздың ортақ тарихы мен берік достығын айрықша бағалайтынын атап өтті. Мұның бәрі екі ел арасындағы табысты әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың кепілі екеніне назар аударды. Бұдан бөлек, Ерлан Қошанов Грузия Президенті Михаил Кавелашвилимен кездесті.Мәжіліс спикері оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізді. Ол Мемлекет басшысы Грузиямен қарым-қатынасты нығайтуға әрдайым ерекше көңіл бөлетінін, екі елді терең тарихи тамырластық, сан ғасырлық достық дәстүрлері байланыстыратынын айтты.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осыдан жарты жыл бұрын Грузияның Премьер-министрі Кобахидзе мырза біздің елге ресми сапармен келген болатын. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесу барысында елдеріміз көп қырлы қарым-қатынастарды нәтижелі дамытуға бағдар алғаны туралы айтылды. Сауда, энергетика, өнеркәсіп, инвестиция, туризм саласындағы ынтымақтастықтың кең перспективалары талқыланды. Біздің парламенттік дипломатиямыз жоғары деңгейдегі уағдаластықтарды іске асыруға елеулі үлес қосатынына сенімдімін.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Грузия Парламенті арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатта саяси диалогты дамыту, өзара сенім мен түсіністікті нығайту туралы келісімдер, заңнама саласында тәжірибе алмасу жөніндегі жоспарлар қамтылған.