$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концерті үшін қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр

31.10.2025ж. 14:10
Алматы полициясы Қайрат Нұртастың концерті үшін қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр
Фото: ашық дереккөзден алынды

Полиция Орталық стадиондағы концерттің алдында қауіпсіздік шараларын күшейткен, деп хабарлайды Astana TV.

Нақтырақ айтсақ, кептелістің алдын алу үшін бірнеше көше жабылатын болды.  

«Алматы полициясы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кептелістің алдын алу үшін Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі», - деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Концерт бүгін, 31 қазан күні кешке болады.