 
            Биыл елімізге келген шетел азаматтарының саны 12 млн асты, көбісі – Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан елдерінен келеді, деп хабарлайды Astana TV.
Басым бөлігі туристтер ретінде және транзитпен өтеді. Елімізде қазіргі таңда 223 мың шетел азаматы тұрақты тұрып жатыр.
«Осы жылдың 9 айында полициямен 306 мың шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 70 мыңы көші-қон заңнамасын бұзған. Оның 14 мыңы елден шығарылды, 4,7 млрд теңге айыппұл салынды. Бұдан басқа, 16 мың шетел азаматының елде жүру мерзімі қысқартылды. 3 400 шетелдіктің заң бұзғаны үшін тұрақты тұру құжаттарының күші жойылды», - деді ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталыков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.