 
            Түркістан облысында мектеп оқушысы дене шынықтыру сабағында жан тапсырды. Шардара ауданындағы Қасым Аманжолов атындағы мектептің 5-сынып оқушысы жаттығу кезінде құлап, жарақат алған. Мұғалім мен мектептің медициналық қызметкері алғашқы көмек көрсетіп, оқушыны Шардара аудандық ауруханасына жеткізген. Шұғыл операция жасалғанымен, дәрігерлер баланы аман алып қала алмады. Облыстық білім басқармасы бұл оқиғаны бірден бақылауға алғандарын мәлімдеді. Қазіргі таңда мұғалімнің мәселесі де қаралып жатыр.
ЖАНАТ МҰСАТАЕВА, ШАРДАРА АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Мұғалім әзірге жұмыста. Бірақ қазіргі кезде прокуратураның ұсыысы келді. Осыған байланысты келесі аптада қарап, жұмыстан шеттететін боламыз сабақ басталғанға дейін.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушының қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу мен қажетті шараларын атқаруда. Тергеу нәтижелері бойынша құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.