 
            2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша барлығы 38 млн тонна мал азығы дайындалды. Оның ішінде: пішен – 25 млн тонна (жоспардың 103%), сенаж – 1,9 млн тонна (113,3%), шоғырланған жем – 4,3 млн тонна (77,7%), сүрлем – 2,1 млн тонна (107,1%), сабан – 4,7 млн тонна (101,7%).
Жоспардың орындалуы бойынша ең жоғары көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу өңірлерінде тіркелді.
Дайындалған мал азығының көлемі 2025–2026 жылдардағы қыстату науқанын тиімді өткізуге және мал шаруашылығы субъектілерін жем-шөппен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.