$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда студенттер арасындағы жаппай төбелестен соң қылмыстық іс қозғалды

Атырауда студенттер арасындағы жаппай төбелестен соң қылмыстық іс қозғалды

Атырауда студенттер төбелесті.  Жанжал Оңайбай Көшеков атындағы аграрлық колледждің бірінші курс студенттері арасында болған. Сабақтан соң сол маңдағы гараждардың арасында екі студентті 4 курстасы оңдырмай ұрып тастаған. Кешірім сұрап, тоқтатуды өтінгенмен, төпелеп, таяқтап, тепкілей береді. Тіпті бірі «пышақты шығарамын» деп сес көрсеткен. Жеңісіне масаттанған тарап видеоға түсіріп, достарына таратқан. Колледж директорының айтуынша, жаппай төбелеске  екі студенттің сабақ уақытында сөзге келуі себеп болған. Есеп айырылысу үшін достарын ерітіп барған. Жағдайды білген бойда, учаскелік полицияны өзіміз шақырдық,- деп отыр.

ИСЛАМ ЖАНҰЗАҚОВ, О.КӨШЕКОВ АТЫНДАҒЫ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазір 6 бала да сабақта жоқ. Жәбірленуші балаларымыз  оларға сол бойда көмек көрсетілген. Медициналық, психологиялық көмек көрсетілген. Біздің колледжге келгелі тек қана екі ай болған  балалар. Бірінші курстың балалары.

Студенттердің бәрінің жасы кәмелетке толмаған. Оларда пышақ қайдан жүргені белгісіз.  Оқу орнына суық қару кіргізуге болмайды, оқтын-оқтын аппаратпен тексеріп тұрамыз,- дейді басшылық. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қылмыстық іс тіркеліп,  кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір таңда оқиғаның барлық мән жайлары анықталуда. Сондай-ақ құқық бұзушылыққа жол берілген жасөспірімдер  ішкі істер органдарының есеьбіьне алынатын болып,  оларға қатысты іс-құжаттар кәмелетке толмағандардың  ісі жөніндегі комиссияға ұсынылатын болады.