$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында көпқабатты тұрғын үйде газ жарылысы болып, бірнеше пәтерге зақым келді

Түркістан облысында көпқабатты тұрғын үйде газ жарылысы болып,  бірнеше пәтерге зақым келді

Түркістан облысындағы Шәуілдір ауылында көпқабатты тұрғын үйде газ жарылысы болып,  үш пәтердің қабырғалары қирады. Алдын ала болжам бойынша, оқиғаға газ жүйесіне өз бетімен қосылу себеп болуы мүмкін. Үш қабатты үйдегі жарылыстың қатты болғаны соншалық, көршілес үйдің де терезелері сынып, көліктерге зақым келген. Айта кетейік, Отырар ауданының орталығында орналасқан бұл  -қызметтік баспана. Үйдің қолданысқа берілгеніне небәрі 6 жылдай ғана болған. Жуырда газ құбыры тартылған. Көгілдір отын кеше ғана берілген.  Жарылыс кезінде тұрғын үйде жеті адам болған.  35 жастағы әйелді күйік шалған. 

ЖАСҰЛАН БАЙНАЗАРОВ, ОТЫРАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Жағдайының ауырлығына байланысты жедел түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. МЕД авиация желісі арқылы облыстық клиникалық ауруханасынан тиісті мамандар шақыртылып, еміне коррекция жасалды. Қазіргі таңда емі емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілуде.

Үйдің өзге өзге тұрғындары уақытша басқа жерге орналастырылды.   Бұл үйде 12 пәтер бар.  Болған оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Мамандар нақты себебін анықтап жатыр.

ҚЫДЫРБАЙ СЕЙІТҚҰЛ, ОТЫРАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

193 шаршы метр жерге зақым келіп отыр. Зардап шеккендерге алдағы уақытта осы тергеу -тексеру амалдары бітеді. Біз экспертиза шақырдық қазір. Экспертиза тағайындалып жатыр. Экспертизаның  қортындысы негізінде жарамдылығын біз қортындысын берген жағдайда  бір апта,  екі апта көлемінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.