 
            Трамп ақыры Қытайға қатысты тарифтерді түсірді. Си Цзиньпинді көреген басшы, ұлы тұлға, - деп асты-үстіне түсті. Осылайша, АҚШ Президентінің Азия құрлығына сапары сәтті аяқталды. Алайда, бүкіл әлеммен әскери теке-тіресі енді басталған секілді. Трамп ондаған жылдар өткізілмеген ядролық сынақтарды жандандыруға бұйрық берді. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.
Қытай басшысымен кездесуге 12 деген баға беремін. Трамп Сары құрлықтағы сапарын аяқтады. Қытаймен өзара сауда-экономикалық қарым-қатынастарды түбегейлі шешті.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Дейінгі баға санаты бойынша, бұл кездесуге 12 балл берер едім. Осы уақытқа дейін фентонил жіберіп, америкалықтарды улағаны үшін тарифтерді 20 пайызға дейін жеткізсем, бүгін 2 есе түсірдім. Одан басқа да көптеген сауда келісімдерін жасадық. Өте керемет.
АҚШ қайтадан ядролық қарудың сынақтар өткізеді. Трамп тиісті бұйрық берді. Ол полигонда ядролық жарылыс па немесе зымырандарды тексеру ме әзірге белгісіз. Бірақ, Трамп бұны Ресейге жауап ретінде жасап жатқанын меңзеді.
ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Мен бірінші Президенттік мерзімім кезінде біздің ядролық қаруды толық модернизациядан өткіздім. Енді бізде өзге елдермен салыстырғанда ядролық қару саны ең көп әрі ең қуатты. Олар өздерінше сынақ өткіземіз деп қояды. Онда біз де қарап қалмауымыз керек.
НАСА да қалыспай, жолаушыларға арналған гипержылдамдықты ұшағын таныстырды. Ол, тіпті, артық шу шығармайды. ИКС-59 деп аталатын джет әуе тасымалын одан сайын жылдамдатып, осы салад үлкен революция жасауды көздеп отыр.