$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылжарда қала ішіндегі 15 көшеге асфальт төселді

Қызылжарда қала ішіндегі 15 көшеге асфальт төселді

Қызылжарда қала ішіндегі 15 көшеге асфальт төселді. Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, аймақта Президент жолдауына сәйкес тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын және су инфрақұрылымын жаңғырту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Облыс орталығында электр желілерінің жалпы ұзынды- 67 шақырым. Биыл оның шамамен 4 шақырымы ауыстырылды. Сондай-ақ, 5 электр станциясы толық жаңғыртылды. Биліктің жол жөндеу саласында да ауқымды жоспары бар. Шенеуніктер алдағы 5 жылда қала көшелеріне 100 пайыз асфальт төсеуді жоспарлап отыр.

БЕРДІМҰРАТ БАЙМҰҚАН, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Жолдардың жалпы ұзындығы 366 км құрайды. Оның 211 шақырымында асфальт төселген болса, қалғаны қара жол. Негізгі бағыт осы қара жолдарды асфальтқа ауыстыруға бағытталған. Осының аясында жұмыстар жалғасып жатыр.