$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бурабайда туристердің қауіпсіздігі үшін 7 көру аймағы ашылды

AstanaTV
31.10.2025ж. 19:00
Бурабайда туристердің қауіпсіздігі үшін 7 көру аймағы ашылды

Бурабай ұлттық паркінде биыл  жаңа бақылау алаңдары пайдалануға берілді.  Бұл туристердің қауіпсіздігі үшін жасалған. Себебі, соңғы уақытта  келушілердің көп болуына байланысты  кей жерлерде топырақ қабаты тапталып, өсімдіктер мен жағалау аймақтары зардап шегуде. Толығырақ Үсен Астананың материалында.

ҮСЕН АСТАНА, ТІЛШІ:

Тарихы терең Көкшенің сұлулығын сөзбен сипаттау мүмкін емес. Қараған көздің жауын алатын, тасын түртсең тарихы сөйлейтін бұл өлкенің туризмі дамып келеді. Жыл басынан бері 7 көру аймағы ашылып, шет елдік қонақтардың ағылып келуіне себеп болған.

Бұл  кешен тау-тастың сұлулығын көретін жандардың қауіпсіздігі үшін жасалған. Бұған дейін қоршау болмағандықтан туристердің жарақат алу жағдайлары кездескен.

ҚАЙЫРБАЙ БАЛТАБАЕВ. БУРАБАЙ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНІҢ ОРМАНШЫСЫ:

Алдыңғы уақыттарда осы Бөлектау тауының қоршаулары болмаған уақытта тастардың басында адамдардың құлап кеткен жағдайлары бар, адамның өмірі қиылған уақыттар да бар сол үшін адамның қауіпсіздігі үшін осындай көрініс алаңдарын жасадық.

Әр көру орнында тарихты насихаттайтын символ бар. Құрылыс жұмыстарының бірінде ағаш іспетті жебе жасалса, көл маңында жеті қазынадағы символдар бейнеленген демалу орындары бар.

РАУАН ТӘТТІБАЙ, ЖОБАЛАУШЫ КОМПАНИЯНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Әр қарау алаңы бізде индивидуально әр ситуацияға байланған оған қосылып біздің 7 қазынамызда қаластырып енгіздік.

Бурабай сұлу табиғатымен ерекшеленеді. Оның Қазақстанның Швейцариясы деп аталуы бекер емес. Соңғы  жылы туристер саны  1 милионнан асқан.

ЗАРИНА КАБЕНОВА, ТУРИСТ:

Біз Қостанайдан келдік. Каникул кезінде балаларды демалдыруды ұйғардық. Біз мұнда екі жыл бұрын болғанбыз, ол кезде бұл нысандар  әлі болмаған. Балалармен серуендеуге өте қолайлы екен. Табиғатты  көру аймақтары әлдеқайда жақсарған. Өте қолайлы, әдемі.

Жақында ғана Финляндия Президенті Александр Стуббтың Астанаға жасаған алғашқы ресми сапары қорытындысында «Бурабай» курортында туризмді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл келісім Финляндияның туризм және инновация саласындағы тәжірибесін Бурабайдың әлеуетін ашуға бағыттамақ.