$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қаржылық сауаттылық және құқықтық көмек: «AMANAT» халықпен тікелей байланыста

Қаржылық сауаттылық және құқықтық көмек: «AMANAT» халықпен тікелей байланыста

Азаматтардың әлеуметтік және қаржылық мәселелерін шешу – «AMANAT» партиясының басты назарында. Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Қарызсыз қоғам» және «Құқықтық көмек» жобалары аясында азаматтарды арнайы қабылдау өтті. 50-ге жуық адам қаржылық сауаттылық пен заңгерлік кеңесті тегін алды. Онлайн және оффлайн форматта өткен кездесуде несие жүктемесі, банкроттық рәсімі мен алаяқтыққа қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Партияның ел бойынша 228 қабылдау бөлмесі жұмыс істейді, олардың барлығы халықтың нақты сұранысына жауап беруге бағытталған. Кездесу барысында азаматтар несиелік ауыртпалық, банкроттық рәсімдері, алимент өндіру және алаяқтық құрбаны болу мәселелерімен жүгінді. Әсіресе соңғы уақытта кредиттік қарыздар мен қаржы пирамидаларына байланысты шағымдар жиілеген.

ЕРМҰХАМЕД ЖҰМАБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ МЕҢГЕРУШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тек қаржылық сауатсыздық жөнінде емес, сонымен қатар бүгін келіп отыр алимент мәселесін өтеу бойынша, кейбіреулер келіп отыр, қазір бір азаматша келіп отыр айлығын ала алмай жүр. Жолдары қандай екенін білмейді мысалы. Міне осындай азаматтар бізге көптеп келуде. Ол тек Астана қаласы бойынша емес, бүкіл Республика бойынша осындай мәселелер көп.