$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жарнама, БАҚ, маркетинг саласының үздіктері «Tribune» премиясында марапатталды

31.10.2025ж. 19:00
Жарнама, БАҚ, маркетинг саласының үздіктері «Tribune» премиясында марапатталды

Жарнама, Бұқаралық ақпарат құралдары мен маркетинг саласының үздіктері «Трибуна» премиясында марапатталды. Қатысушылар «Үздік сұхбат», «Үздік мақала», «Үздік арнайы жоба», «Басты назарда» және «Үздік жаңалық» номинациялары бойынша бақ сынады. «Трибуна» марапаттау рәсімі биыл бесінші рет өткізілді. Маркетинг және пиар саласының беделді өкілдері шорт-листке енген үміткерлердің жұмысын бағалап, әр номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Айта кетейік, салтанатты кеш RAF-202, яғни Аймақтық жарнама форумы аясында жүзеге асты. Әр өңірден жиналған сарапшылар маркетингтік трансформация мен шығармашылық индустриядағы қазіргі кедергілер туралы ашық пікірталасқа түсті.

НҰРМҰХАМЕД ИБРАЕВ, «ГЕОМОТИВ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің ең басты тақырыптарымыз жарнаманың әр саласында ТВ болсын, радио, диджитал, сыртқы жарнама болсын, солардың проблемаларын талқылау және үздік кейстермен бөлісу. Жарнама индустриясы жасанды интеллект дәуірінде қалай дамитынын, сол перспективаларды қарастыратын. Сол үшін талқылау үшін, сөйлесу үшін, сол сұрақтарды қою үшін жиналдық.