$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қытайлық қандас ерлі-зайыпты Атажұртқа ат мініп келді

Қытайлық қандас ерлі-зайыпты Атажұртқа ат мініп келді

Атажұртқа ат мініп келді. 74 күнде 2500 шақырымды еңсерген жас жұбайларды Аманаттықтар қарсы алды. Қуатбек Түсіпханұлы мен Жайна Еркінқызы Қазақстанға алғаш рет келді. Ат терлетіп жеткен ерлі-зайыптыға АМАNАТ партиясының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек пен Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров ізгі тілектерін білдіріп, сый-құрмет көрсетті. Бұл сапар -қазақтың көшпелі болмысын, ұлттық бірегейлігін паш еткен ерекше бастама.  Қазақстан мен Қытай Халық Республика арасындағы тығыз байланыстың нышаны. Қанымыз бір бауырларымыз, атажұрттың әр бұрышында салт-дәстүрдің ерекше көріністерін байқап, сезінгендерін жеткізді.

ҚУАТБЕК ТҮСІПХАНҰЛЫ, ҚХР АЗАМАТЫ:

Бүтін халықтың, бүтін елдің, тек қана қазақ халқы ғана емес, басқа да осы жерде тұрып жатқан барлық ұлттардың құрметіне ие болдық. Қатты тебірендік. Барлық халықты берекеге, бірлікке жинап жатқан осы Президентіміз жүргізіп жатқан саясатының дұрыстығынан, жақсы жетекшілігінен деп түсінеміз. Сол көтеріп келе жатқан аманатымызды осы «Amanat» партиясына табыстап, аманаттап қайтқанымызға қатты тамсанып тұрмыз.

ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Қуат бауырымыз бен қасындағы қарындасымыздың ерлігі – осы біздің қазақи бірлігімізді, қазақи ынтымақтастығымызды арттыратын, өз әлемімізді жаңадан көрсететін үлкен қадам.