 
            Астанада «Қола домбыра – 2025» республикалық жас ақындар айтысы өтті.
Шараны Оқу-ағарту министрлігі, «El Umiti» қоры және Айтыс ақындары одағы мен Еуразия ұлттық университеті бірлесе ұйымдастырған. Биыл екінші рет өткен айтысқа еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 10 мен 18 жас аралығындағы 22 жас ақын қатысты. Олар ұлттық өнердің қадір-қасиетін танытып, суырып салма өнерде өз шеберліктерін көрсетті. Айтыстың мақсаты – жас дарындарды қолдау, ұлттық өнерді дәріптеу және жас ақындардың сөз өнерін дамыту. Жас ақындар жасанды интеллект, еңбек адамы және цифрландыру мен білім тақырыптарына жыр тербейді.
РИНАТ ЗАЙЫТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:
Бұл -енді жыл сайын болатын біздің республикалық оқушылар айтысы, жылдың қорытындысы. Күтетініміз көп. Себебі былтырғы айтыстың өзінде бірнеше жаңа жас буынды кұрдік. Жаңа жұлдыздарды көрдік. Сондықтан биыл да сондай үрдіс жалғасады деп ойлаймыз.
БЕЛЕС ӨТЕПБЕРГЕН, ЖАС АҚЫН:
6 жасымнан бастап күй, терме, домбыраға қатысып жүрдім. Одан кейін 12 жасымнан бастап айтысқа қызығушылықым пайда болып, сосын айтысқа қатыса бастадым. Ұстазым Аруна Керімбек өзі осы жаққа дайындап жіберді.