 
            Шымкенттегі Алпамыс батыр ескерткіші жаңа орынға көшірілді. Себебі, ескерткіш қойылған аумақ жекеменшікке өтіп, қараусыз қалған. Батырдың тас мүсінінін өзге жерге ауыстыру жөнінде Шымкент қаласының Ардагерлер кеңесінен ұсыныс түсіп, көшіру жұмыстары демеушілердің қолдауымен жүргізілген. Алпамыс батыр ескерткіші жаңа орнында қаланың тарихи келбетін айшықтап, ұлттық рухты дәріптеуді жалғастырады.
АБДУРАЙРА МАНАХОВ, ҚҰРЫЛЫС КЕШЕНІ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
9 айда бітірдік. Өте қиын болды.Бұны бізге басында көшіру деген. Ал енді біз оны көшіріп келгеннен кейін көрсек жарамайды. Ішінің бәрін ашуға тура келді. Ішінің бәрін қайттан жасадық, жаңадан. Дүниеге мынадай керемет ескерткіш келді. Қаланың көркін келтіріп тұр.
СҰЛТАНБАЙ ШОРАЕВ, ЗЕЙНЕТКЕР:
Бұрында біраз жыл тұрған осыдан 10 км жерде. Ол жер айналма жолға байланысты біз енді Алпамыс батырды қаланың шетінен әкеп қойдық.
Шара соңында Алпамыс батыр рухына арнап Құран оқылып, ас берілді. Сонымен қатар, палуандар сайысы мен көкпар ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға алыс-жақын шетелдерден де шабандоздар қатысты.