$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары аяқталды

31.10.2025ж. 21:17
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары аяқталды
Фото: ашық дереккөзден

31 қазанда Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салсақ, жөндеу кезеңінде сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін рейстерді қабылдауға уақытша шектеу қойылған. Соған қарамастан, әуежай барлық жоспарланған рейстерді толық орындап, кешкі және түнгі уақытта жұмыс күшейтілді.

1 қарашадан бастап әуежай қалыпты жұмыс режиміне қайта көшеді.