$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Құтқарушылар терең шұңқырға құлап кеткен әйелге көмекке келді

01.11.2025ж. 10:40
Құтқарушылар терең шұңқырға құлап кеткен әйелге көмекке келді
Фото: ТЖМ

Жамбыл облысы ТЖД кезекші бөліміне Жамбыл ауданы, Айша бибі ауылында әйел терең шұңқырға құлап, құтқарушылардың көмегіне мұқтаж екені туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары альпинистік құралдарды пайдаланып, тереңдігі төрт метрден асатын шұңқырға түсіп, зардап шеккен әйелді абайлап зембілге салып жоғары көтеріп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Қызметкерлердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында әйелдің өмірі аман сақталды.